Кемероводағы тұрғын үйде жарылыс болды: мерт болғандар бар

АСТАНА. Қаңтардың 5-і. ҚазАқпарат - Кемероводағы тұрғын үйде жарылыс болды. Оқиға салдарынан мерт болғандар мен жарақат алғандар бар,

Кемероводағы тұрғын үйде жарылыс болды: мерт болғандар бар

деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК сайтына сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға Кузбастың Заводской ауданында болған. Жеке меншік тұрғын үйде газ баллоны жарылған. Соның салдарынан бес адам мерт болды - олардың үшеуі балалар.

Тағы үш адам - олардың екеуі балалар - күйікпен ауруханаға жатқызылды. Жарылыс салдарын жоюға 64 адам жұмылдырылды.

Орын алған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеуді облыс губернаторы Аман Төлеев өзінің жеке бақылауына алды.