Кен ресурстары қорының азаюы: минералдық-шикізат базасын толықтыру бойынша шаралар күшейеді
АСТАНА. KAZINFORM — Дәстүрлі кен ресурстарының барланған қорының азаюына байланысты Қазақстан минералдық-шикізат базасын толықтыру және оны тұрақты пайдалану бағытында жүйелі шараларды қабылдамақшы. Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мәлімдеді.

Басты шаралар:
• «Кім бірінші келсе – соған артықшылық» қағидатына негізделген батыс-аустралиялық үлгідегі жер қойнауын пайдалану моделі енгізілді, бұл геологиялық барлауға жеке инвестициялар тартуға серпін берді.
• 2026 жылға қарай геологиялық барлау жұмыстарының аумағы 1,9 млн-нан 2,2 млн шаршы шақырымға дейін кеңейтіледі.
• CRIRSCO халықаралық стандартының енгізілуі мен геодеректерді цифрландыру барлық инвесторларға перспективалы учаскелерге тең әрі ашық қолжетімділік қамтамасыз етеді.
• Табыстылықтың ішкі нормасы (IRR) 15%-дан төмен жобалар үшін пайдалы қазбалар өндіруге салынатын салықтан (НДПИ) 5 жылға дейін босату қарастырылған, бұл күрделі кен орындарын игеру үшін қолайлы жағдай жасайды.
• 55 млрд тоннадан астам техногендік минералдық түзілімдердің (ТМТ) паспорты жасалып жатыр — бұл болашақта қайта өңдеуге тартуға болатын қуатты шикізат көзі.
Қазақстан жер қойнауын пайдаланудағы ресурстық дербестік пен ұзақмерзімді инвестициялар тарту жолында сенімді түрде алға ілгерілеп келеді.
Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстанда болжамды ресурстары бар 38 перспективалы учаске анықталғанын жазған едік.