Кендірлі ауылында алғаш рет сайлау өтіп жатыр

ЖАҢАӨЗЕН. ҚазАқпарат - Жаңаөзен қаласына қарасты елдіме кеннің бірі – Кендірлі ауылы күннен-күнге көркейіп келеді. Саяси маңызы бар сайлау ауыл тарихында алғаш рет өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

Жаңа ауылдың мәдениет үйінде орналасқан №109 сайлау учаскесіне таң атысымен келген халық қарасы көп.

Саяси науқаннан қалыс қалмай, таңдауын жасауға келгендердің қатарында жақында ғана отау құрған жас жұбайлар Қаршыға Байтөреев пен Күміс Шалқарова бар. Қаршыға – кәсіби бейнеоператор. Ол 10 жылға жуық «Жаңаөзен» телеарнасында еңбек етіп, бүгінде жеке кәсіппен айналысып жүр. Ал келіншегі Күміс – тігінші.

«Егеменді еліміздің баянды болашағы үшін маңызы зор саяси шараға бір кісідей атсалыстық. Отбасымызда ата-анам, інім мен және келіншегім болып сайлауға келдік. Өз таңдауымызды жасадық. Бұл науқанға ең алдымен еліміздің тұрақтылығы нығая түсуі үшін қатысып отырмыз», -дейді Қаршыға Байтөреев.


Соңғы жаңалықтар