Кенесары көшесінде жол жөндеу жұмыстары басталады

АСТАНА. KAZINFORM — «City Transportation Systems» ЖШС Кенесары көшесінің Ш. Уалиханов көшесінен М. Ғабдуллин көшесіне дейінгі учаскесінде жол төсемінің жоғарғы қабатын салу жұмыстарының жүргізілетіні туралы хабарлады.

Кенесары көшесінің Ш. Уалиханов көшесінен М. Ғабдуллин көшесіне дейінгі учаскесінде жол төсемінің жоғарғы қабатын салу жұмыстарының жүргізілетіні
Фото: «City Transportation Systems» ЖШС

Осыған байланысты, ағымдағы жылдың 24 пен 26 мамыр күндері көрсетілген учаскеде көлік қозғалысы ішінара жабылатын болады.

— Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден маршруттарды алдын ала жоспарлауды және қозғалысты ұйымдастырудағы ықтимал өзгерістерді ескеруді сұраймыз. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады. Осы өзгерістерге түсіністікпен қарауды және қала бойынша қозғалыстарды жоспарлау кезінде оларды алдын ала ескеруді сұраймыз, — делінген хабарламада.