Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Кеніш аумағында өрт болды

АСТАНА. 2 ақпан. ҚазАқпарат - Өрт басталуы салдарынан 700-ден астам кеншілер Шығыс Қазақстан облысындағы «Қазмырыш» ЖШС Риддер-Сокол шахтасынан шығарылып, қауіпсіз жерлерге көшірілді, деп хабарлайды Қазақстан Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Кеніш аумағында өрт болды

Баспасөз қызметінің таратқан ақпаратында айтылғандай, оқиға сейсенбі күні «Қазмырыш» ЖШС Риддер кен-байыту комбинатының аумағында, күндізгі сағат 11.24-те басталды. Өрт салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендер тіркелмеді.

Жалын сағат 12.43-те ауыздықталды. 13 сағат 20 минөтте қызметкерлердің шахтаға кіруіне рұқсат берілді, делінген баспасөз қызметінің таратқан ақпаратында.