04:18, 02 Қыркүйек 2017 | GMT +5
Кения сайланған президентін мойындамайды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Кенияның жоғарғы соты президенттік сайлаудың қорытындысын жарамсыз деп таныды, деп хабарлайды Рейтер.

Елдің қазіргі президенті Ухуру Кениата сайлауда жеңіп шыққан. Сонымен қатар жоғарғы сот 60 күн ішінде жаңа сайлау өткізу жөнінде қаулы шығарды.
Жоғарғы соттың шешімімен экс-премьер Раила Одинга да келісетінін айтты. Ол өз сөзінде сайлау комиссиясына қатысты сот талқылауын өткізетінін алға тартты.
Айта кетейік, Кенияда ел президентін сайлау тамыз айында өткен болатын. Арнайы комиссияның деректері бойынша, қазіргі президент Ухуру Кениата барлық дауыстың 54,27%-ын еншілесе, ал экс-премьер Раила Одинга 44,74%-ын жинаған. Сайлау қорытындысына наразы оппозиция өкілдері мен тәртіп сақшылары арасындағы шайқастан бірнеше адам қаза тапқан.