Кенияда полиэтилен қапшығын пайдаланғандар сотталады

None
None
Кения полиэтилен қапшықтарын қолдануға тыйым салды, деп жазады Хабар 24.

Бұл - атүсті шара емес, қатаң тәртіпті талап ететін заң. Өйткені ережеге бағынғысы келмегендер 40 мың доллар айыппұл төлеп, 4 жылға бас бостандығынан айырылады. Кенияда күшіне енген жаңа заң бойынша полиэтилен қапшықты өндіруге, сатуға тіпті қолдануға да болмайды.

Шара қоршаған ортаны қорғау мақсатында қолға алынып отыр. Өйткені табиғатты қорғаушылардың айтуынша, бұл қапшықтар күнделікті қолданысқа қажет болғанымен, зияны көп. Желге ұшып, аяққа оралып жататын бұл қапшықтар жүздеген жыл бойына бүлінбейді. Олар құбырларды бітеп, су мен жерді ластайды. Жануарлардың да өліміне себепкер.

«Бұл қапшықтардың көбі қоқысқа тасталады. Одан суға, жерге шашылып, оларды мал жейді. Келе-келе микропластик біздің ішімізге түсіп, денсаулығымызға орасан зор зиян келтіріп жатыр. Алайда кәсіпкерлер заңға қарсы. Себебі шараның салдарынан көптеген жергілікті тұрғын жұмысынан айырылғалы тұр», -  дейді Кенияның Қоршаған ортаны қорғау министрі Джуди Вакхунги. 

Соңғы жаңалықтар
telegram