Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Кеңқияқ кентінде әкесі абайсызда баласын өлтіріп тастады

АҚТӨБЕ. 20 маусым. ҚазАқпарат - Кеңқияқ ауылдық ауруханасына «жабық ми жарақаты, ішкі және сыртқы жақ сүйектердің жабық сынуы» диагнозымен Кеңқияқ кентінің 29 жастағы тұрғыны жеткізіліп, арада бірнеше күннен кейін көз жұмды.

Кеңқияқ кентінде әкесі абайсызда баласын өлтіріп тастады

ІІД-нің баспасөз қызметінен хабарлағандай, қылмысты жасау күдігімен Темір АІІБ-нің қызметкерлері жәбірленушінің 62 жастағы әкесін ұстады. Оның айтуынша, 11 маусым күні түнде үйге араққа сылқия тойып келген баласы жанжал шығарады. Араларында болған ұрыс кезінде әкесі оны жұдырықпен ұрып құлатады, ал баласы бетімен пешке соғылып, есінен танып қалған. 

Аталмыш факті бойынша ҚР ҚК-нің 103 бабындағы 3 бөлімі («Адамның өліміне әкеліп соқтырған денсаулыққа ауыр зиян келтіру») бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті мойындау түсініктерін берді, қазіргі уақытта ол ешқайда кетпеу қолхатын толтырды.