Кентаудағы газ жарылысынан зардап шеккен екінші адам көз жұмды

ТҮРКІСТАН. KAZINFORM – Түркістан облысы Кентау қаласында қоғамдық тамақтану орнында болған газ жарылысынан зардап шеккен екінші адам қайтыс болды. Бұл ақпаратты жергілікті әкімдік растады.

Второй пострадавший при взрыве в кафе скончался в Кентау
Фото: Түркістан облысы әкімдігі

Өрт кезінде денесінің 90 пайызын күйік шалған азамат кеше жер қойнына тапсырылған.

Еске салайық, 1 қаңтар күні түнгі сағат 2:00 шамасында Кентау қаласында көпқабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан қоғамдық тамақтану орнында газ-ауа қоспасының жарылысы болып, соңы өртке ұласқан еді.

Қайғылы оқиғадан 18 жастағы студент оқиға орнында қаза тауып, төрт адам түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Олардың екеуі жансақтау бөліміне жатқызылған болатын.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Бұдан бұрын Кентаудағы өрттен соң өңірде қауіпсіздік шаралары күшейтіліп, ауқымды рейд басталғанын жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар
Референдум