Кентаудың 60 жастағы тұрғыны бірнеше ұрлыққа күдікті деп танылды

Ол кеңселерге түскі уақытта, кабинеттерде қызметкерлер қалмаған кезде кіріп, олардың ішінен техника мен бағалы заттарды алып шығатын болған. Осылайша кабинеттерде адамдардың жоқтығын пайдаланған ол түскі уақытта 2 ноутбукты әкеткен.
Полицейлер оның жеке мүліктің 10-нан астам ұрлануына қатысты екенін анықтады. Барлық ұрлықтар соңғы үш айда жасалған. Бұдан бөлек ер адам аялдамаларда көліктерді күтіп тұрған қалалықтардың мұқиятсыздығын да пайдаланды. Шымкент қаласының 32 жастағы тұрғынының хабарлауынша, аялдамада оның сөмкесінен ұялы телефоны ұрланған.
Жәбірленушілерге келтірілген шығынның жалпы сомасы бір миллион теңгеге жуық болды. Аталған фактімен 175 бап (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған азамат уақытша ұстау абақтысына қамалды. Тергеу жүргізілуде.