КЕРЕК КЕҢЕС: Шомылатын орындардан жұғатын ауру түрлері

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жаздың жайдарлы күндерінде сергудің бір жолы - шомылу. Шомылу - денсаулыққа өте пайдалы. Дегенмен, көпшілікке арналған демалыс орындарында жұқпалы аурулардан сақ болғаныңыз абзал, деп жазады «Массагет» порталының Денсаулық айдарында.

Демалыс орындарына барғанда гигиеналық тазалық қаншалықты сақталатынына көз жеткізу қажет. Сонымен, шомылатын орындардан қандай ауру түрлерін жұқтыру қаупі бар.

- Жыныстық жолдар арқылы берілетін (ЗППП) ауруларды жұқтыру қаупі бар. Олар - уретрит, пиелонефрит, цистит т.б. аурулар болуы мүмкін.

- Дерматомикоз ауруын жұқтырып алуыңыз мүмкін.
- «А» гепатиті де көбіне шомылу орындарынан жұғады.
- Герпес - көздің шырышты қабығының ауруы да көпшілік шомылатын орындардан жұғады.
- Тұмау және ОРЗ аурулары жұғады.
- Лямблиоз - паразитті жұқпалы ауруының вирусы да су арқылы жылдам таралады.
- Түрлі тері ауруларын жұқтырып алуыңыз мүмкін.

Шомылатын орындардан ауру жұқтырмас үшін арнайы майларды пайдалану қажет. Сонымен қатар, судан шыққаннан кейін, ыстық душ қабылдап, тазаланып жуыну керек.

Ескерту: Денеде жарақат болған жағдайда шомылатын орындарға бармаған абзал. Ондай жағдайда жарақат асқынып кетуі мүмкін. Сондай-ақ, мамандар 2 жасқа толмаған баланы бассейнге түсірмеуге кеңес береді. Себебі, хлорланған су сәбидің терісіне кері әсерін тигізіп, тыныс алу жолдарының қабынбалы ауруларына, демікпе дертіне шалдықтыруы мүмкін екен.

Соңғы жаңалықтар