Кереку жеріне тартылған инвестициялар 9 мың жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді

ПАВЛОДАР. KAZINFORM - Павлодар облысында экономиканың оң өсімі байқалып отыр. Өңдеу өнеркәсібі жыл басынан бері 9,3 пайызға өсіп, 621 млрд теңгенің өнімі шығарылған.

падение инвестиций
Фото: Anna Nekrashevich/Pexels

Өнім көлемі көлік жасау саласында - 47%, резеңке және пластмасса бұйымдары өндірісінде - 45%, құрылыс индустриясында - 47%, металлургияда - 7%, мұнай өнімдерін өндіруде - 3,4% және жиһаз өндірісінде 82%-ға өсті.

«Жалпы тартылған инвестициялар 2 есеге ұлғайды. Өнеркәсіп өндірісінің өсу қарқынын және инвестициялардың өсімін сақтау мақсатында жалпы сомасы 2 трлн теңге болатын 50 жобамен жұмыс жүргізіліп жатыр. Бұл 9 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын құруға және өнеркәсіп өндірісінің көлемін 400 млрд теңгеге дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Жыл соңына дейін инвестиция көлемі 100 млрд теңгеден асатын 7 жобаны іске қосу жоспарланған», - деп хабарлады Павлодар облысының әкімдігінен.

Биыл Екібастұзда «EkibastuzFerroAlloys» компаниясы жылына 240 мың тонна ферросилиций шығаруға қауқарлы ферроқорытпа зауытын іске қосуды жоспарлап отыр. Бұл 800 жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.

Соңғы жаңалықтар