Кешенді тестілеу: 13 талапкер мүмкін болған ең жоғары баллдан 100 баллды жинады
Оның ішінде 38 605 талапкер - қазақ тілінде, 17 397 талапкер - орыс тілінде тестілеу тапсырған.
Бірінші күні тестілеу 8 ТКТ өткізу пунктінде (базалық жоғары оқу орындарында), екінші күні - 38, ал үшінші күні - 30 базалық жоғары оқу орнында өткізілді.
Үш күн ішінде өткізілген тестілеуде 13 талапкер мүмкін болған ең жоғары балл - 100 балды жинады. Осы күндер қорытындысы бойынша тыйым салынған заттарды қолданған және аудиторияда тәртіп бұзғандары үшін 365 бітіруші тестілеуден шығарылды.
Төмендегі кестеде ТКТ-ның қысқаша нәтижелері келтірілді:
№
Уақыты
Өтініш саны
ТКТ-ға қатысты
Шектік деңгейден өте алмағандар
Шектік деңгейден өте алмағандар(шығармашылық емтихан тапсырған талапкерлерді есептегенде
барлығы
қаз
орыс
барлығы
қаз
орыс
барлығы
қаз
орыс
барлығы
қаз
орыс
1
18.07
7764
5497
2267
7502
5305
2197
4351
2803
1548
3699
2336
1363
2
19.07
26556
17589
8967
25641
17053
8588
18022
11258
6764
14635
8955
5680
3
20.07
23562
16725
6837
22859
16247
6612
15745
10808
4937
13483
9109
4374
барлығы
57882
39811
18071
56002
38605
17397
38118
24869
13249
31817
20400
11417
%
100
68,78
31,22
96,75
68,94
31,07
68,07
65,24
34,76
56,81
64,12
35,88
2 пәнді тапсырған
6694
4768
1926
4 пәнді тапсырған
48943
33576
15367
нәтижелері жойылған
365
261
104
Кешенді тестілеудің нәтижелері тапсырылған күні көпшілік назарына ақпараттық тақталарда және сонымен қатар, Ұлттық тестілеу орталығының www.testcenter.kz сайтына ілінді. Нәтижелерді көру үшін тестілеушінің жеке кодын (ТЖК) және талапкердің жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) енгізу қажет.