КЕТЕБАЙ КҮМБЕЗІ

ебай күмбезі - сәулет ескерткіші. Қарағанды облысының Жезқазған қаласынан сексен шақырым жердегі Малшыбай ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай жиырма шақырым жерде, Қаракеңгір өзенінің бойында 1898 жылы салынған.
None
None

Күмбез әрі би, әрі батыр Кетебай Жолайұлына арнап тұрғызылған.

Күмбездің ауданы 6,55х6,35 метр, есігі бар бөлігінің биіктігі 5,55 метр, іргетасынікі - 80 см. Ғимараттың іші мен сырты күйдірілген кірпішпен қапталған. Ол төртбұрышты пішіннен дөңгелек күмбезге бұрыштық қуыстар арқылы жалғасады. Қос қатарлы жиегі бас қасбетінің жоғары бөлігін көріктендіре түседі. Басқа қасбеттері «шырша»тәрізді етіп кірпішпен өріліп қаланған. Оңтүстік-батысқа қараған кіреберіс ойығы күмбезбен жабылған, ал осы ойық қуысының дарбазасы дөңгелек медальонның төрттен үш бөлігі секілденіп біткен. Қазіргі уақытта ескерткіштің жоғарғы жағы қираған.

Кетебай Жолайұлы шамамен 18 ғасырлардың ортасында өмір сүрген батыр. Ырғыз бен Торғай өңірі маңында туып өскен. Кетебай батыр Ерәлі сұлтанның баласы Темірмен бірге 1810 жылы қарақалпақтарды ығыстырып, Кіші жүз қазақтарының Жаңадария мен Қуаңдария өзендері бойынан Қызылқұмға қарай қоныстануына атсалысқан. Кейін Сырдария өзенінің төменгі ағысы бойындағы қазақ ауылдарына маза бермеген қоқандықтар мен хиуалықтарға қарсы тұрған. Кетебай батырдан туған Өтетілеу би мен немересі Пірәлінің есімі бүкіл бір аймаққа таралып, шешендік сөздері мен билік шешімдері ел аузында сақталған. Батырдың ұрпақтары қазір Ақтөбе облысында тұрады.

Кетебай күмбезі 1982 жылы республикалық маңызы бар тарихи және мәдени ескерткіштердің тізіміне енгізілген.

 

Дерек көзі:

Қазақстан ұлттық энциклопедиясы, 4 том.

Соңғы жаңалықтар