Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Кейбір әкімдер мен министрлер бюджетке «таусылмайтын қоржын» ретінде қарайды - Тоқаев

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстауға сапары барысында жұртшылықпен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың Твиттердегі парақшасына сілтеме жасап.

Кейбір әкімдер мен министрлер бюджетке «таусылмайтын қоржын» ретінде қарайды - Тоқаев

Кездесу барысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев:

«Жемқорлық, бұл - батпандап кіретін, мысқалдап шығатын дерт. Осындай дертке қарсы мықты дәрі қолданбасақ, одан арылу мүмкін емес. Сондықтан, біз тиісті іс-шараларды одан әрі жүзе асыра береміз», - деп атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, бізде тиімсіз шығындар көп.

«Біздің кейбір әкімдеріміз бен министрлеріміз бюджетке «таусылмайтын қоржын» ретінде қарайды», - деді Мемлекет басшысы.

Президент сондай-ақ, кәсіпкерлерді қолдауға қатысты пікір білдірді.

«Адал еңбегімен табыс табатын кәсіпкер – мемлекеттің тірегі. Ол халықты жұмыспен қамту арқылы әлеуметтің әл-ауқатын арттыруға үлес қосады. Сондықтан, шағын және орта бизнесті дамытуға барынша қолдау көрсету қажет», – Қ.Тоқаев.