Кейбір өңірлер заңдастыру өтініштерін қарастыру мерзімін кешеуілдетеді - Қаржы министрлігі
АСТАНА. ҚазАқпарат - Кейбір өңірлер заңдастыру бойынша өтініштерді қарастыру мерзімін кешеуілдетуде. Бүгін заңдастыру науқаны тақырыбына арналған Үкімет отырысында ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов осылай мәлім етті.
«Жоспарды жүзеге асыру және Қаржы министрлігіне түсетін шағымдарға жүргізілген талдау маңызды проблемаларды айқындады. Жергілікті атқарушы органдарымен өтініштерді қарастыру мерзімі 30 күннен асып кетуі жиілеген. Бұндай жағдайлар Алматы облысы және Астана қаласында байқалды, яғни осындай өтініштер бойынша мүлік құны 100 млрд. теңгеден асады»,-деп тоқталды Б. Сұлтанов.
Оның сөзіне қарағанда, жергілікті атқарушы органдар көбінесе қосымша заңнамамен белгіленбеген құжаттарды талап етеді. Атап айтқанда, өртке қарсы, санитарлық және сейсмологиялық қызметтердің қорытындылары сұралады.
«Аймақтар басшыларынан комиссия тарапынан шешім қабылдаудың дер кезінде жасалуын және олардың нақтылығын қамтамасыз етулерін сұраймын. Біз аталған салада сыбайлас жемқорлыққа жол бермеуіміз керек. Өйткені, осындай көріністер тұрғындардың науқанға деген сенімдерін төмендетеді»,-деді Б. Сұлтанов.