Кейбір қазақстандықтар үшін зейнетақы төлемінің жаңа тәртібі енгізіледі

АСТАНА. KAZINFORM – Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасу қағидалары мен оның үлгілік нысанына өзгерістер енгізді.

Отбасы банкі депозиттерінде зейнетақы жинақтарын сақтау мерзімі ұзартылды
Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform

Жобада ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен зейнетақымен қамсыздандыру шартының үлгілік нысанына, оның ішінде «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ-тан (БЖЗҚ) төлемдер тәртібіне қатысты бөлігінде өзгерістер енгізу ұсынылады. 

- Атап айтқанда, зейнеткерлік жасқа жеткен, бірақ ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен қалыптасқан жинағын алуға жүгінбеген азаматтар үшін БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін автоматты (өтінішсіз) тәртіппен жүзеге асыру жоспарланып отыр. Осы тетікті іске асыру ерікті зейнетақы жарналары бойынша талап етілмеген зейнетақы жинақтың алдын алып, зейнетақы төлемдерінің барлық түріне бірдей көзқарасты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, - делінген хабарламада. 

Жоба «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын дамыту, қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларының құқықтарын қорғау, байланыс және артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңын іске асыру шеңберінде әзірленді.

Құжаттың толық мәтінімен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің интернет-ресурсында танысуға болады. 

Ұлттық банктің мәліметі бойынша, 2014 жылдан бері елімізде зейнетақы активтері 5 еседен аса өсті. 

Айта кетейік, қазақстандықтар қайтадан зейнетақы жинағына тісін және балаларын емдете алады. 

Соңғы жаңалықтар