Кейко Фухимори Перудің жаңа президенті болып ресми жарияланды
АСТАНА. KAZINFORM — «Халық күші» партиясының кандидаты Кейко Фухимори Перудің жаңа президенті болып ресми түрде жарияланды, деп хабарлайды Синьхуа.
7 маусымда өткен президенттік сайлаудың ресми қорытындысын Перудің Ұлттық сайлау алқасының төрағасы Роберто Бурнео жариялады.
– Ұлттық сайлау алқасының атынан Кейко Фухимориді Перу Республикасының президенті болып ресми түрде жариялаймын, – деді ол сайлау нәтижелерін жариялау рәсімінде.
Ұлттық сайлау процестері басқармасының мәліметінше, Кейко Фухимори сайлаушылардың 50 пайыздан астамының дауысын жинаған.
Оның президенттік өкілеттік мерзімі 2026–2031 жылдарға есептелген. Перудің жаңа президенті қызметіне 28 шілдеде кіріседі.
Бірінші вице-президент болып Луис Галаррета, ал екінші вице-президент болып Мигель Торрес тағайындалды.