17:27, 20 Мамыр 2009 | GMT +5
Кездесуде Қазақстан мен Америка арасында орнаған ынтымақтастық байланыс кең ауқымда дамып келе жатқаны айтылды
АСТАНА. Мамырдың 20-сы. ҚазАқпарат /Айдын Бәймен/ - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Орал Мұхамеджанов АҚШ Конгресінің бұрынғы депутаты, «Жаңа демократия институтының» жетекшісі Лоуренс Де Нардиспен кездесті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.Мәжіліс төрағасы О.Мұхамеджанов Қазақстан мен Америка арасындағы орнаған ынтымақтастық байланыс кең ауқымда дамып келе жатқанына тоқталды. Кездесуде Вашингтонның Қазақстанға Орталық Азия аймағындағы сенімді әріптес деп баға бергені жөнінде айтылды. АҚШ Конгресінде Қазақстанға деген достық пейілдері мол депутаттар бар екені айтылды. Елдің ішкі жағдайы туралы сөз болғанда Мәжіліс Төрағасы жуырда өткен «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс ХІІ съезінде Мемлекет басшысы Н.Назарбаев Қазақстанның алдында тұрған маңызды міндеттерді, келелі мәселелерді көтергені туралы әңгімеледі. Ертеңгі халықаралық форумның мақсаты - тәуелсіздік алғанына 17 жыл толған Қазақстанның жетістігін көрсету, ЕҚЫҰ-ға төрғалық ету жолындағы мемлекетіміздің дайындығын жария ету екенін мәлім етті.Лоуренс Де Нардис мырза Қазақстан туралы көп оқығанын, егемендігін алған кезден бастап жүргізілген саяси-экономикалық реформалардың арқасында Қазақстанның дамып келе жатқанына назар салып отыратынын мәлім етті. Ертең өтетін халықаралық конференция келесі жылы ЕҚЫҰ-ға төралық ету жолындағы елдің маңызды бір қадамы екенін атады. Осы сапарында Астананың көрікті жерлерімен танысқанын, сәулетті жас қаланың тез өркендеп келе жатқанына таңданыс білдіргенін жасырмады.