Кезекте тұрмаған адамдарға жер үлестірген ауыл әкімі сотталды

ОРАЛ. Наурыздың 4-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Қызмет бабын асыра пайдаланған БҚО-ның Теректі ауданы Подстепный ауылының әкімі Г.Ермеков аудандық соттың үкімімен бір жылға бас бостандығынан айрылды,
None
None
ол жазасын жалпы тәртіптегі түзету колониясында өтейді. Облыстық экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің баспасөз қызметінен ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, аталған ауыл әкімі өзінен жер телімін сұраған И.Сәрсенованың өтінішін бірден қанағаттандырған. Подстепный кенті қалаға жақын болғандықтан, бұл кезде тұрғын үй салу үшін жер телімін алуға кезекте тұрғандар саны аз емес еді. Мәселен, 2006 жылдың басында олардың саны 527 болса, жыл аяғына таман мыңнан асып кеткен. Соған қарамастан, ауыл әкімі тағы сегіз адамға ешқандай кезексіз жер телімін беріп жіберген. Бұл бұл ма, Г.Ермеков өзінің құзыретіне кірмесе де, В.Логинов деген азаматқа су қойнауына жататын әрі осы ауылдық округ аумағынан тыс жақтан 12,4521 гектар жер телімін де ұстата салған. Сөйтіп ол жеке тұрғындармен қатар қоғам мен мемлекет мүддесін де аяққа басқан.
Соңғы жаңалықтар