15:50, 14 Ақпан 2011 | GMT +5
Кезектен тыс Президент сайлауына қатысқысы келетін азаматтардың саны тағы бір үміткермен толықты
АСТАНА. 14 ақпан. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Биылғы жылғы 3 сәуірге белгіленген кезектен тыс Президент сайлауына қатысу үшін тағы бір үміткер Орталық сайлау комиссиясына өтініш түсірді.
Бұл туралы бүгін Орталық сайлау комиссиясының отырысында аталмыш комиссия төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов мәлім етті.
Комиссия төрағасының сөзінше, сайлауға қатысуға ниет білдірген азамат Алматы облысының тұрғыны Қанат Турагелдиев. Ол сайлауға өзін-өзі ұсыну жолымен түспек. «Нұр Ислам» туристік фирмасының директоры болып табылатын аталмыш азамат 1962 жылы туған.
Бұл ҚР Президенті сайлауына қатысу үшін ОСК-на өтініш білдірген жетінші азамат.