18:16, 14 Шілде 2010 | GMT +5
КХДР шекарасын бұдан былай оңтүстік корейлік роботтар күзетеді
АСТАНА. Шілденің 14-і. ҚазАқпарат - Оңтүстік Корея шекарасын ҚХДР-дың жанжалынан арнайы робот-қарауылдар күзететін болады. Бұл жөнінде батыс БАҚ-тары жазды, деп хабарлайды РБК.

Әзірге күзетті 2 робот жүргізеді, олар шекара бұзушылардың қозғалысын бақылауға және қажет болса оқ атуға да қабілетті. Роботтарды әскери жағдайда байқау оларға жасалған сынақ бағдарламасы болып есептеледі, ал шекараға патруль жасайтын роботтар дивизиясын жасақтау жөнінде әзірге шешім жоқ.
Мұндай күзетшінің әрбірі 330 мың доллар тұрады. Оңтүстік Корея билігі таратқан ақпаратқа қарағанда роботтардың жұмысын операторлар басқарады.