ҚХЛ: «Барыс» бүгін Ресейде «Лада» командасымен кездеседі
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық «Барыс» командасы Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын бүгін, 16 қыркүйекте Ресейде «Лада» (Тольятти) командасына қарсы өткізеді.
Бұл кездесу Қазақстан уақытымен 20:00–де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Турнир кестесінде қарсыластар бір-бірімен қатарлас келеді. Алғашқы үш ойыннан кейін екі жеңіс, бір жеңілістен кейін «Барыс» 4 ұпаймен он бірінші орында тұр.
Алдағы төрт ойынға «Барыстың» құрамы
Қақпашылар: Владислав Нурек, Хантер Шепард, Андрей Шутов.
Қорғаушылар: Әділ Бекетаев, Дамир Бритиков, Самат Данияр, Мәди Диханбек, Логан Дэй, Иэн Маккошен, Джейк Масси, Бейбарыс Оразов, Чейз Приски.
Шабуылшылар: Абзал Әлібек, Әлихан Әсетов, Джастин Бэйли, Дінмұхамед Қайыржан, Всеволод Логвин, Кирилл Ляпунов, Мэйсон Морелли, Батырлан Мұратов, Әлихан Өмірбеков, Кирилл Панюков, Гарретт Пилон, Кирилл Савицкий, Асанәлі Сәркенов, Семён Симонов, Тайс Томпсон, Ансар Шайхмедденов, Аркадий Шестаков.
Қазақстан уақыты бойынша матчтар кестесі:
- 16 қыркүйек, 20:00 «Лада» — «Барыс»
- 18 қыркүйек, 19:00 «Металлург» — «Барыс»
- 20 қыркүйек, 19:00 «Локомотив» — «Барыс»
- 22 қыркүйек, 21:30 «Динамо» (Мәскеу) — «Барыс».
Айта кетейік, елордада қазақстандық команда Ресейдің «Сибирь» (7:1) және «Салават Юлаев» (8:6) командаларын жеңіп, «Амурға» (1:3) есе жіберді.
Ал «Лада» бес кездесуде төрт мәрте қарсыласына есе жіберіп, біреуінде ғана жеңістің кілтін тапты.
Кейінгі бес кездесудің үшеуінде елордалық клуб қарсыласына есе жіберіп қойды.