ҚХЛ: «Барыс» елордада «Нефтехимикке» есе жіберді
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық «Барыс» командасы Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын бүгін, 25 қыркүйекте елордада Ресейдің «Нефтехимик» (Нижнекамск) командасына қарсы өткізді.
Кездесу барысында ресейлік команда белсенді ойын көрсетті. Бірінші және екінші кезеңде қатарынан бес шайба соғып кетті. Үшінші кезеңде қазақстандық команда үш шайба соқса, оған ресейлік клуб бір голмен жауап берді.
«Барыс» (Астана, Қазақстан) — «Нефтехимик» (Нижнекамск, Ресей) 3:6 (0:1, 0:4, 3:1)
0:1 — Жафяров (Белозёров, Николишин) — 06:08
0:2 — Селезнёв (Надворный, Соколов) — 23:55
0:3 — Точилкин (Жафяров, Николишин) — 25:06
0:4 — Петунин (Ерёменко, Бикмуллин) — 28:19
0:5 — Соколов (Бикмуллин, Хайруллин) — 38:22
1:5 — Пилон (Приски, Томпсон) — 41:10
2:5 — Симонов (Логвин, Саркенов) — 45:12
2:6 — Тянулин (Хлыстов, Бикмуллин) — 46:39
3:6 — Омирбеков (Бритиков, Кайыржан) — 50:42
Қақпашылар: Шутов (Шепард, 25:06 — 60:00) — Озолин.
Осылайша, «Барыс» қарсыласына 3:6 есебімен есе жіберді.
Екі команда арасындағы соңғы бес кездесуде елордалық клуб біреуінде қарсыласынан басым түсті.
Алдағы маусымға барлығы 22 команда қатысады. Олардың қатарында елордалық «Барыс» та бар. Командалар жылдағыдай Шығыс және Батыс конференциясына бөлінген.
Шығыс конференциясына Ресейдің «Автомобилист» (Екатеринбург), «Ак Барс» (Қазан), «Металлург» (Магнитогорск), «Нефтехимик» (Нижнекамск), «Трактор» (Челябі), «Авангард» (Омбы), «Адмирал» (Владивосток), «Амур» (Хабаровск), «Салават Юлаев» (Уфа), «Сибирь» (Новосібір) және қазақстандық «Барыс» енгізілген.
Батыс конференциясында Ресейдің СКА (Санкт-Петербург), «Спартак» (Мәскеу), «Торпедо» (Нижний Новгород), «Лада» (Тольятти), «Сочи», «Динамо» (Мәскеу), «Локомотив» (Ярославль), «Северсталь» (Череповец), ЦСКА (Мәскеу), Беларусьтің «Динамо» (Минск), Қытайдың «Шанхай Дрэгонс» командалары сынға түседі.