11:18, 22 Наурыз 2025 | GMT +5
ҚХЛ: «Барыс» маусымның соңғы ойынын «Салават Юлаев» командасымен өткізеді
АСТАНА. KAZINFORM — Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) астаналық «Барыс» бүгін өз айдынында «Салават Юлаев» (Уфа) командасын қабылдайды.

Бұл Ғалым Мәмбетәлиевтің шәкірттері үшін осы маусымдағы соңғы кездесу болмақ.
Чемпионат барысында 67 ойын өткізіп, небәрі 35 ұпай жинаған елордалықтар турнир кестесінде көш соңында қалса, уфалықтар (91 ұпай) үздік үштікті түйіндеп тұр.
Мұның алдында «Барыс» қатарынан үш рет жеңіліс тапқан еді. Ал «Салават Юлаев» соңғы үш матчын жеңіспен аяқтады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын «Барыстың» өз айдынында «Ак Барстан» ірі есеппен ұтылып қалғанын жазған болатынбыз.
Ғалым Мәмбетәлиевтің шәкірттері еш қайран қыла алмай, 0:8 есебімен ұтылып қалды.