ҚХР-да Мао Цзэдунның алтын жалатылған алып мүсіні орнатылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайлық Хэнань провинциясында Мао Цзэдунның 37 метрлік алтын жалатылған мүсінін салды.
None
None

Алып монументті жергілікті бизнесмендер жасатқан. Жергілікті БАҚ хабарлағандай, олар мүсіннің құрылысы үшін шамамен 3 миллион юань (шамамен 460 мың доллар) жиған. Ақшаны жинауға маңайдағы ауылдардың кей тұрғындары да қатысты, деп хабарлады The People's Daily.

Мао Цзэдунның мүсіні Хэнань провинциясының Тунсюй уезінде орнатылады.

1950 жылдардың соңында Хэнань ашаршылықтан ең көп зардап шеккен провинциялардың бірі болды. Бұл Мао жүргізген саясаттың нәтижесі болған.

Қытайлық әлеуметтік желілерде мүсінге қатысты халықтың пікірі екіге бөлінді. Біреулері жер дұрыс таңдалмағанын, ал құрылысқа жұмсалған ақшаны өзге бағытқа бөлу керек еді деп санаса, енді біреулері ауыл шаруашылығының алаңында бой көтеретін мүсін ҚХР-дың бірінші төрағасын мәңгі есте сақтау үшін жасалған жақсы шара деп отыр.

Қытайдың қазіргі басшысы Си Цзинпинь Маоны оның қателіктеріне қарамастан, тарихтағы ұлы тұлға деп есептейді.

Соңғы жаңалықтар