Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

ҚХР мен БАӘ Қазақстанға жиынтығы 6 млрд. доллар инвестиция салады - Үкімет басшысы

АСТАНА. Сәуірдің 21-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Қытай Халық Республикасы мен Біріккен Араб Әмірлігі Қазақстанға таяу уақытта жиынтығы 6 млрд. АҚШ доллары болатын инвестиция салады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Премьер-Министр Кәрім Мәсімов айтты,

ҚХР мен БАӘ Қазақстанға жиынтығы 6 млрд. доллар инвестиция салады - Үкімет басшысы
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Елбасының сапары аясында өткен аптада Бейжіңде Қытай мен Қазақстан арасында бірнеше маңызды құжаттарға қол қойылғанына тоқталған Үкімет басшысы: «Келісімдердің аясында Қытайдан біздің елге 5 млрд. АҚШ доллары келе жатыр», деді Сонымен қатар, кеше Әбу-Дабиден келген «Әл-Хилял» банкі өкілдерімен кездескенін, онда Қазақстанда исламдық қаржыландыру қағидаты бойынша жұмыс істейтін банк ашуды ұйымдастыру мәселелері қаралғанына тоқталған К. Мәсімов: «Бұлардан бізге тағы 1 млрд. АҚШ доллары келеді», деді. Осы орайда Премьер-Министр Қытай мен Біріккен Араб Әмірлігінен Қазақстанға жиынтығы 6 млрд. АҚШ доллары көлемінде инвестиция тартылғанын айтып, қомақта қаржыны нақты қандай мақсаттарға жұмсау қажеттігін Елбасыға баяндау үшін бұл мәселені пысықтауды бірінші орынбасары Өмірзақ Шөкеевке тапсырды.