ҚХР Жібек жолы бойындағы инфрақұрылымды дамытуға 40 млрд. доллар бөлмек
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытай Халық Республикасы Жібек жолы бойындағы инфрақұрылымды дамытуға 40 млрд. доллар бөлуді жоспарлап отыр.
Бұл туралы бүгін VIII Астана экономикалық форумында Біріккен Ұлттар Ұйымы Даму бағдарламасының (БҰҰДБ) басшысы Хелен Кларк айтты. «Кез келген мемлекеттің дамуына айрықша үлес қосатын бизнес түрлері бар. Олар - таза энергия, транспорт және өндіріс. Сондықтан бүгінгі Астана экономикалық форумының тақырыбы инфрақұрылымға арналғандығы мені қатты қуантады. Мен ерекше атап кеткім келіп тұрғаны - осы инфрақұрылым саласында Орталық Азия өңірінде, әсіресе, Қазақстанға жақын аймақта орасан үлкен жобалар жоспарлануда. Жуырда Қытайда болғанымда, қорында 100 млрд. долларға жуық қаражаты бар инвестициялық компанияның болашақ жоспарларымен таныстым. Қытайдағы «Бір жол - бір құрылыс» деген бағдарлама бойынша Жібек жолы бойындағы инфрақұрылымды дамытуға 40 млрд. доллар құю жоспарланған», - деп атап өтті Х.Кларк.