Кибершаубыл Иранның ірі банктерінің бірінің жұмысына нұқсан келтірді

АСТАНА. KAZINFORM – Иранның жетекші мемлекеттік банктерінің біріне ауқымды кибершабуыл жасалды. Соның салдарынан клиенттерге қызмет көрсету жұмысы ақсап, банк жүйесіне кіру мүмкін болмай қалды, деп хабарлайды Kazinform меншікті тілшісі.

Кибератака нарушила работу одного из крупнейших банков Ирана
Фото: irangate.news

Сейсенбі күні Sepah банкінің онлайн-сервистері өшіп, банк мәліметтеріне қол жеткізу мүмкін болмай қалды. Тегеран мен өзге де бірқатар қаладағы банк бөлімшелері жабылды.

Азаматтар өздерінің қаржыларына қол жеткізе алмай отырғандарын айтты, ал Иранның әскери тұлғаларымен байланысты Kosar мен Ansar банктері мүлдем жұмыс істемей қалған.

Бұл үшін жауапкершілікті осыған дейін Иран инфрақұрылымы мен болат өңдеу кәсіпорны, жанармай құю стансаларына қарсы операция жүргізгендері туралы мәлімдеген Predatory Sparrow хакерлік тобы өз мойнына алды.

Әлеуметтік желіге жариялаған мәлімдемелерінде хакерлік топ өкілдері Sepah банкінің мәліметтерін толық жойғанын жеткізген. Олардың айтуынша, шабуылға банктердің халықаралық санкциялардан жалтарып, әскери бағдарламаларды қаржыландыруы себеп болған.

Иран билігі бұл оқиғаға әзірге ресми түрде пікір білдірген жоқ.

Куәгерлердің мәлімдеуінше, банк операцияларымен байланысты проблема күні бойы болған. Ал банк өкілдері болса жұмыстың алдағы сағаттарда қайта жанданатынын айтқан.

Sepah - Иранның көне қаржы мекемелерінің бірі. Оның Иран бойынша 1800 бөлімшеден тұратын желісі бар. Сондай-ақ оның Ұлыбритания, Франция, Германия мен Италияда өкілдіктері бар. Ал АҚШ аталған банкке 2019 жылы, яғни Иран ядролық келісімнен шыққан соң санкция енгізген.

Кейбір БАҚ өкілдері Sepah банкін Ислам революциясы сақшылар корпусы мен Иранның қарулы күштерімен байланыстырады.

Осыған дейін Иран сауда кемелері үшін Ормуз бұғазын жаппауға уәде бергені туралы жаздық.

 

Соңғы жаңалықтар