Kids Go Free: баламен саяхаттаушылар арасында Ақтауға сұраныс жоғары

АҚТАУ. ҚазАқпарат – «Kids Go Free» отбасылық туризмге арналған бағдарламасы аясында Ақтау ең сұранысқа ие қала болып отыр. Бұл тізімде Түркістан мен Алматы қалалары да бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Kazakh Tourism» деректері бойынша, жыл басынан бері 307 балаға тегін әуе билетін алуға 153 өтінім түскен. Оларға 14,1 млн теңге көлемінде төлемақы аударылды.

Бағдарлама бойынша турлардың орташа құны – 350 мың теңге. Бағасы ең төмен тур – 82 мың теңгеге Алматы қаласына сатылған. Ал, ең қымбат туристік бағыт – 1,2 млн теңгеге Ақтау қаласына сатып алынған. Ең қымбат әуе бағытының құны – 369,8 мың теңге болған.

Бір өтінімдегі ең көп бала саны болып, 7 баласы бар отбасының Алматы бағытындағы туристік сапары белгіленген. Негізінен өтінімдердегі орташа бала саны екеуден аспайды. Жоба аясында 1 балаға арналған билет құны 50-55 мың теңгеге субсидияланады.

Айта кетсек, биылғы жылдың 1 қаңтарынан бастап, елімізде турпакет шеңберінде саяхаттайтын 2-17 жас аралығындағы балаларға билет құнын субсидиялау бағдарламасы қолданысқа енгізілді.

«Kids Go Free» жобасы тек ел ішінде демалатын балалардың әуе билетін тегін алуға мүмкіндік береді.

Бағдарлама аясында туроператорлардың шығындары мемлекет есебінен өтеледі. Бағдарламаға қатысу туропертаорлардың өз еріктерінде болып саналады.



Фото: www.flyertalk.com


Соңғы жаңалықтар