Киев АҚШ көшбасшыларының саммитін қаңтардың соңына дейін өткізуді жоспарлап отыр – Зеленский

АСТАНА. KAZINFORM - Украина қаңтар айының соңына дейін Ресей Федерациясымен шиеленісті реттеу бойынша бейбітшілік жоспарын талқылау үшін АҚШ-та көшбасшылардың саммитін өткізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Anadolu.

Зеленский раскрыл содержание мирного плана Трампа по Украине
Фото: Anadolu

Бұл туралы Украина президенті Владимир Зеленский Киевте журналистермен болған баспасөз мәслихатында мәлім етті.

Ол Киевте Украинаның кепілдігін қамтамасыз ету бағытында жұмыс істеп жатқан еуропалық мемлекеттердің басшыларымен кездесу өткенін айтты.

Оның сөзінше, 5 қаңтарда серіктес елдердің қарулы күштері бас штабтары бастықтарының деңгейінде тағы бір мәжіліс өткізу жоспарланып отыр. Онда басты тақырып қауіпсіздік кепілдігі мәселесі болады.

Зеленский сонымен қатар 6 қаңтар күні Парижде «Ниет білдіруші коалиция өкілдері» елдері көшбасшыларының кездесуі өтетінін мәлім етті етті. Оған АҚШ делегациясы да қатысады.

- Одан соң көшбасшылар кездесіп, кепілдік бойынша құжаттарды соңғы нұсқасына дейін жеткізеді, - деді Украина көшбасшысы.

Зеленский Париж саммитінің бір немесе екі күнге созылатынын айтты.

- Осыдан соң меніңше, АҚШ көшбасшыларының кең ауқымды кездесуіне дайындаламыз деген ойдамын. Біз осының барлығын қаңтар айының соңына дейін өткізсек деген ойдамыз,-деді Украина президенті.

Осыған дейін  АҚШ Украинаға 15 жылдық қауіпсіздік кепілдігін ұсынғаны туралы жаздық. 

 

Соңғы жаңалықтар