«Киев-Алматы» ұшағы мас жолаушының кесірінен Самараға тоқтаған

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін түнгі сағат екіде самаралық Курумоч әуежайына Киев-Алматы бағытындағы ұшақ жоспарсыз қонуға мәжбүр болды, деп хабарлайды Samru.ru.
None
None

Ұшақта 50 жолаушы болған. Куйбышев көлік прокурорының орынбасары Дарья Калиничеваның мәлімдеуінше, ұшақ Самарада 2,5 сағат кідіріп, 33 жастағы мас жанжалқойды түсіріп тастаған. Өзбекстан азаматына екі хаттама толтырылған, себебі ол бортта ашуға бой алдырып, жұбайына қол көтерген. Тексеру жұмысы жүргізіліп, Куйбышев көлік прокуратурасы өз бақылауына алды. 

Соңғы жаңалықтар