12:52, 14 Желтоқсан 2014 | GMT +5
Киевте кәсіби рингте қазақстандық боксшылар мықты екенін тағы бір дәлелдеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшылар Роман Жайлауов, Бекман Сойлыбаев және Елдос Сарқұлов Киевте өткен бокс кеші аясында кәсіби рингте кезекті жеңістеріне қол жеткізді. Шараны K2 Promotions компаниясы ұйымдастырған.
Кештің басты жекпе-жегінде украиналық олимпиада чемпионы Александр Усик ОАР өкілі Дэни Вентерді 9-кезеңде техникалық нокаутпен жеңді. Роман Жайлауов 4 кезеңді кездесуде Артем Комарды тізе бүктірді. Бекман Сойлыбаевтың күші Дмитрий Аушевтен басым түсті. Ал Елдос Сарқұлов 6 кезеңдік жекпе-жекте Михаил Андриецті жеңді.