Кикбоксинг чемпионатының жүлдегерлері республикалық біріншілікте Семейдің абыройын қорғайтын болады

СЕМЕЙ. Наурыздың 26-сы. ҚазАқпарат /Лина Славина/ - Батыс Қазақстанда өткен Кикбоксингтен республика чемпионатында өнер көрсеткен семейлік жас спортшылар жеті медальді қанжығаларына байлап қайтты,

Кикбоксинг чемпионатының  жүлдегерлері    республикалық  біріншілікте Семейдің  абыройын   қорғайтын  болады
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Семейлік кикбоксшылардың қоржыны 3 алтын, 3 күміс, бір қола медальмен толықты. Жарыс қорытындысы бойынша Семейдің құрама командасы жүлдегерлердің қатарына кіріп отыр және енді олар сәуір айының басында Қарағандыда өтетін ересектер біріншілігіне қатысады.