Кикбоксинг: Венгриядағы Әлем кубогы жарысында Қазақстан құрамасы 5 алтын, 6 күміс және 4 қола медаль еншіледі
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Біздің спорт» сайтының мәліметінше, Қазақстан құрамасы бұл жарыста кикбоксингтің фулл-байланыс және лоу-кик деген дәстүрлі түрлері бойынша сынға түсті.
Жақия Қуанов (51 кг, фулл-байланыс, Атырау облысы), Әлімжан Құдайбергенов (54 кг, фулл-байланыс, ШҚО), Самат Қадырбеков (67 кг, фулл-байланыс, СҚО), Ерсайын Қасамбаев (63,5 кг, лоу-кик, Павлодар) және Саян Жақыпов (71 кг, лоу-кик, Павлодар) әлем кубогының чемпиондары атанды.
Ал, Ризван Ферзаули (54 кг, лоу-кик, Павлодар), Бекжан Төлебеков (63,5 кг, фулл-байланыс, Жамбыл облысы), Сәния Сүлейменова (52 кг, фулл-байланыс, Ақмола облысы), Абзал Жүсіпов (60 кг, фулл-байланыс, Атырау облысы), Мариям Егембердиева (50 кг, фулл-байланыс, Алматы облысы) және Жомарт Нұрымбетов (60 кг, лоу-кик, Астана) күміс медальді еншіледі.
Құраманың қоржынына қола медальді Гүлбану Саматова (60 кг, фулл-байланыс, Актөбе облысы), Айдын Әбдрахманов (+91 кг, фулл-байланыс, Алматы облысы), Мариям Егембердиева (50 кг, лоу-кик, Алматы облысы) және Жолдасбек Балғабаев (+91 кг, лоу-кик Ақмола облысы) салды.
Айта кетейік, аталмыш жарыста чемпиондық атақ үшін 24 елден келген спортшылар таласты. Енді біздің спортшылар тамыз айында өтетін Қазақстан чемпионатына дайындалатын болады. Одан кейін тамыздың 31-і мен қыркүйектің 5-і аралығында Қытайда болатын жекпе-жек өнерінен дүниежүзілік ойындарға қатысады.