Кикбоксингтен Қазақстан кубогында шығысқазақстандықтар үздік шықты

АЛМАТЫ. Наурыздың 29-ы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Кеше Астанада кикбоксингтен 4 күнге созылған Қазақстан кубогы жарысы өз мәресіне жетті,

Кикбоксингтен Қазақстан кубогында шығысқазақстандықтар  үздік шықты

деп хабарлайды ҚазАқпарат Туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

200-ден астам спортшының басын қосқан бұл байрақты бәсекеге қатысушылар Алматы облысының Қызылағаш ауылындағы табиғат апатынан зардап шеккендерге 500 мың теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетті. Онда фулл-контакт бөлімінде ерлер 11, әйелдер 5 салмақ дәрежесінде, ал лоу-кик бөлімінде ерлер 12 салмақ бойынша өз жеңімпаздарын анықтады. Жарыс қорытындысында командалық есепте бірінші орынды 6 алтын, 6 күміс, 3 қола жүлдеге ие болған шығысқазақстандықтар алды. Ал астаналықтар (5 алтын, 4 күміс, 7 қола) екінші, қарағандылықтар (4 алтын, 4 күміс, 10 қола) үшінші орынға шықты.