Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Килиан Мбаппе әлем чемпионатының үздік сұрмергені атанды

АСТАНА. KAZINFORM – Франция құрамасының шабуылшысы Килиан Мбаппе АҚШ, Канада және Мексикада өткен 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының үздік сұрмергені атанды, деп хабарлайды Kazinform тілшісі.

Килиан Мбаппе әлем чемпионатының үздік сұрмергені атанды
Фото: FIFA

Француз футболшысы турнир барысында сегіз матчта 10 гол соғып, төрт нәтижелі пас берді. Осы көрсеткіші үшін ол әлем чемпионатының «Алтын бутса» жүлдесіне ие болды.

«Күміс бутса» Аргентина құрамасының капитаны Лионель Мессиге бұйырды. Ол сегіз кездесуде сегіз гол соғып, төрт нәтижелі пас авторы атанды.

Үздік бомбардирлер тізімінде үшінші орынды Англия құрамасының жартылай қорғаушысы Джуд Беллингем мен Норвегия құрамасының шабуылшысы Эрлинг Холанд бөлісті. Екеуі де турнирде жеті голдан соқты.

Еске салайық, 2026 жылғы әлем чемпионатының жеңімпазы Испания құрамасы атанды. Финалда олар қосымша уақытта Аргентинаны 1:0 есебімен жеңді. Қола жүлдені үшінші орын үшін өткен матчта Францияны 6:4 есебімен ұтқан Англия құрамасы иеленді.