Қылмыстық топ 700-ден астам шетелдіктің Қазақстанда тұруына заңсыз рұқсат әперген

ҚАРАҒАНДЫ. KAZINFORM — Қарағанды облысы прокуратурасының бастамасымен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментімен бірлесіп, қылмыстық топтың қызметі тоқтатылды. 

мигранты
Фото: Polisia.kz

Қылмыстық схемаға халыққа қызмет көрсету орталығының, медициналық мекеме қызметкерлері және «көмекшілер» деп аталатындар кірген.

Ақшалай сыйақы үшін шетелдіктерге уақытша тұруға 700-ден астам рұқсат заңсыз берілген.

Уақытша тұруға рұқсат алуға өтініш берген кезде тұрғын үй иесінің жеке қатысуы мен келісімі талап етіледі, бірақ шетелдіктерді тіркеу заң талаптарын елемей жүргізілген.

Сонымен қатар, 2 электронды-цифрлық қолтаңба заңсыз шығарылып, «eQonaq» ақпараттық жүйесінде шетел азаматтарының келуін тіркеу туралы 30-дан астам хабарлама беру үшін пайдаланылған.

Мұның бәрі электронды-цифрлық қолтаңба иелерінен жасырын жасалған.

Шетелдіктерді тіркеу бойынша заңсыз схемалар ел аумағына деструктивті тұлғалардың кіруіне мүмкіндік береді.

Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. 

Соңғы жаңалықтар