Қылшақты өзенінен Көкшетауға қауіп бар ма — Бозымбаев болжамы
АСТАНА. KAZINFORM — Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Көкшетау қаласын су басу қаупіне қатысты болжам жасады.
— Қылшақты өзеніне санация жүргізілді. Көкшетау қаласына тек осы Қылшақты өзені ғана қауіп төндіретін. Егер әкімдік қарғын суды дер уақытында ағызып жіберетін болса, онда ешқандай проблема көріп тұрғаным жоқ. Өйткені, өзеннің өткізу мүмкіндігі кеңітіліп, сыртқы бөгеттердің жиектері нығайтылды. Үлкен проблеманы көріп тұрғаным жоқ, — деді ол Парламент палаталарының бірлескен отырысынан кейін.
Вице-премьер қаланы қарғын су бастауы үшін көшелердегі қарды да жылдам шығару керектігін ескертті.
— Қызығы, Ақмола облысының оңтүстік бөлігі біршама салқын. Түнде минус 7, 10 градус болады. Ал Көкшетау облысы жатқан солтүстік бөлігінде түнде минус 1, 2 градус, яғни ол жақта қар жылдам ериді. Солтүстік Қазақстан облысында да осындай жайт. Әдетте керісінше болатын. Биыл климат тосынсый көрсетіп тұр. Дегемен, Ақмола облысының әкімімен күнделікті байланысып отырмын, — деді Қанат Бозымбаев.
Айта кетейік, су тасқыны қаупіне байланысты Абай және Ақмола облыстары ерекше бақылауға алынды.