Кім болса да, депутат болған адам ел үшін әділ еңбек етуі керек - Нұрлан Әлімжан

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Нұр Отан» саяси партиясының кезектен тыс XVII съезінде бекітілген Мәжіліс депутаттығына үміткерлердің партиялық тізіміндегі әнші, актер Нұрлан Әлімжан тізімдегі алаштың аяулы азаматтары үшін тілекшімін дейді.

Кім болса да, депутат болған адам ел үшін әділ еңбек етуі керек - Нұрлан Әлімжан

«Партиялық тізімге енуім - мен үшін жаңа белес. Егер де өтіп депутаттыққа өтіп жатсам, Елбасымыздың үлкен жоспарларын қазақтың бір азаматы ретінде жүзеге асыруға аянбай тер төгемін деген сенімдемін. Алдын ала ештеңе жоспарламаймын, өйткені, бұл - сайлау. Әлі ешкім ешқайда өткен жоқ. Сондықтан, тізімнің ішінде болғаныма да қуаныштымын», - дейді Н.Әлімжан.

Сондай-ақ әртіс: «Замандастарымның арасынан Геннадий, Илья, Серік депутаттыққа өтсе, қазақтың спортын аспандатар еді»,-дейді.

«Олар - қазақ спортын аспандатпаса, кем түсірмейтін азаматтар. Жалпы, тізімде алаштың талай аяулылары бар. Бәріне тілекшімін. Кім болса да, депутат болған соң ел үшін әділ еңбек етуі керек»,-деді Н.Әлімжан.