Кинг Конгтің моделі 200 мың долларға сатылды
АСТАНА. Қарашаның 25-і. ҚазАқпарат - 1933 жылы «Кинг Конг» фильмін түсіру кезінде пайдаланылған алып маймыл моделінің қаңқасы Christie's аукцион үйінде 121 мың 250 фунт стерлингке (200 мың АҚШ долларына жуық) сатылды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Лента.Ру сайтына сілтеме жасап.
Биіктігі 22 дюйм (56 сантиметрге жуық) болатын модель 1967 жылдан бері коллекционер Юджин Хилчге (Eugene Hilchey) тиесілі еді, ол қаңқаны аукционға шығарды. 1933 жылы модель қаңқасы қоянның терісімен қапталған болатын, ол біздің кезеңге дейін сақталған жоқ.