Киоскілер, кеңселер, қоймалар: жалдау бағасы қалай өзгерді
АСТАНА. KAZINFORM — 2025 жылдың IV тоқсанында коммерциялық жылжымайтын мүлікті жалға алу бағасы 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,2% өскен, деп хабарлайды Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметі.
Өңірлік бөліністе коммерциялық мүліктің жалдау бағасы Ұлытау облысында 0,2% арзандаса, ең жоғары өсім Астана қаласында тіркелді – 6,8%.
Бағаның ең жоғары өсімі киоскілерді жалға алуда байқалды – өсім 23,1%.
Сондай-ақ фитнес-клубтар мен жаттығу залдарын жалға алу бағасы 8,6%, мейрамханалар бойынша 6,1% өсті.
Дәріханаларды жалға алу құны 5,7%, тұрмыстық қызмет көрсету пункттері мен сервистік үй-жайлар 5,1% қымбаттады.
Сауда жайлары мен әкімшілік-кеңсе мақсатындағы нысандарда жалдау бағасы бірдей өсім көрсетті – әрқайсысы 4,8%-дан.
Қойма жайларын жалға алу ақысы 4%, ал шаштараздар мен сұлулық салондарын жалдау 3,3% артты.
Бұған дейін хабарланғандай, бір жылда баспананы жалға алу құны қалай өзгергені белгілі болды.