Кипрде өткен халықаралық ғылыми жарысқа қатысқан павлодарлық сегіз оқушы жүлделі орындарды еншіледі

ПАВЛОДАР. 12 наурыз. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Кипрдің Палалимне қаласында өткен халықаралық ғылыми жарыста павлодарлық оқушылар білімдерінің үздік екендіктерін көрсетті.

Кипрде өткен халықаралық  ғылыми жарысқа қатысқан павлодарлық сегіз оқушы жүлделі орындарды еншіледі

Қалалық білім басқармасынан хабарлағандай, білім жарысына қатысқан павлодарлық сегіз оқушының бәрі жүлдегер атанды.

Бірінші орын Тимур Бахриден мен Нұржан Әлімжановтың командалық жобасына берілсе, жеке жобалар конкурсында Азамат Қисин бірінші орын алды. Жеңімпаздар Павлодардағы дарынды балаларға арналған №3 гимназияда оқиды.

Екінші орынды да осы гимназияның оқушылары - Асан Алтыбасаров пен Мәдина Кәрібжанова, №25 Павлодар мектебінің оқушысы Мереке Дүсіпов пен Екібастұздағы «Зерде» мамандандырылған мектебінің оқушысы Асылхан Әкебаев алды.

Ал №3 гимназияның оқушысы Мәдина Ынтықбаева үшінші орынды қанағат тұтты.