Қырғыз қызы Париж Олимпиадасының финалына шықты

Мейірім Жұманазарова
Фото: Кактус Медиа

ПАРИЖ. KAZINFORM – Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында әйелдер күресінен қырғыз қызы Париж Олимпиадасының финалына шықты.

Нақтырақ айтсақ, 68 келіде қырғыз балуаны Мейірім Жұманазарова жартылай финалда нигериялық Блессинг Оборудудудан айласын асырып, Олимпиада ойындарының финалына жолдама алды.

Естеріңізде болса, Токио төрінде Жұманазарова осы нигериялық балуаннан ширек финалда жеңілген еді. Міне, бүгін қарсыласына кеткен есесін қайтарды. Енді ол Олимпиада ойындарының алтын жүлдесі үшін бар күшін салмақ. Ол финалда АҚШ балуаны Амит Эрольмен алтын жүлдені сарапқа салады.

Жұманазарова Токио Олимпиадасында жұбаныш белдесуіне мүмкіндік алып, кейін қола медальға қол жеткізген болатын. Ал Оборудуду болса, Токио Олимпиадасында күміс жүлде жеңіп алған еді.

Айта кетейік, биыл әйелдер күресінен тұңғыш рет қазақ балуандары Олимпиада жолдамасына қол жеткізе алмай қалды. Парижде тек еркін күрес шеберлері мен грек-рим күресінің балуандары ел намысын қорғап жатыр.

Соңғы жаңалықтар
telegram