Қырғызстан алғаш рет шағын номиналды банкноттарды өз елінде басып шығара бастады
АСТАНА. KAZINFORM – Қырғызстан алғаш рет 20 және 50 сом номиналындағы банкноттарды өз аумағында дербес өндіре бастады, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Бішкектегі меншікті тілшісі.
Қырғызстан Ұлттық банкінің мәліметінше, алғашқы өз банкноттарын шығару Қырғыз Республикасының тәуелсіздігінің 35 жылдығына орайластырылған.
— Бұл — Қырғызстанның экономикалық дербестігі мен мемлекеттік егемендігін нығайту жолындағы тағы бір маңызды қадам, — делінген хабарламада.
Айта кетейік, 30 жылдан астам уақыт бойы қырғыз сомы тек шетелде басылып келген.
Еске салайық, 2026 жылғы наурызда Садыр Жапаров Қырғызстан ақша жасау кезінде барлық қажетті стандарттар мен талаптарға сәйкестігін растайтын халықаралық сертификат алғанын хабарлаған болатын. Ел басқа мемлекеттердің тапсырысы бойынша да валюта басып шығара алады.
2023 жылы Қырғызстан алғаш рет тарихта өзінің ұлттық паспорттарын өз елінде басып шығара бастады. Сондай-ақ 2025 жылғы сәуірде ел басқа мемлекеттерге арналған паспорттарды шығара бастағаны хабарланған.
Бұдан бөлек, былтыр 3 қарашадан бастап мемлекет жаңартылған дизайны мен күшейтілген қорғаныс элементтері бар 2025 жылғы үлгідегі жалпыазаматтық паспорттар мен жеке куәліктерді айналымға енгізді.
Айта кетелік Қырғызстанда оқушылар мен студенттерді театр мен музейге баруға міндеттеу ұсынылды.