Қырғызстан аумағында жер сілкінді
АСТАНА.KAZINFORM - Бүгін сейсмологтар Қырғызстан аумағында 5,0 магнитудалы жер сілкінісін тіркеді.
ҚР Ұлттық ядролық орталығының Геофизикалық зерттеулер институты Қазақстан деректер орталығының тікелей эфирдегі мәліметтеріне сәйкес, жер сілкінісі 2026 жылдың 29 мамырында Астана уақыты бойынша сағат 13:15-те тіркелген.
Эпицентр координаттары: солтүстік ендік бойынша 41,70 градус, шығыс бойлық бойынша 73,72 градус. Магнитудасы - 5,0. Энергетикалық класы - 11,5.
Бұған дейін, Түркияның Адана провинциясында 4,9 магнитудалы жер сілкінісі тіркелген болатын.