Қырғызстан музейлерін 1 млн-ға жуық адам аралаған
АСТАНА. KAZINFORM — 18 мамырда әлемде Халықаралық музейлер күні атап өтіледі. Осыған орай, Қырғызстанның Ұлттық статистика комитеті елдегі музейлерге қатысты қызықты деректерді ұсынды, деп хабарлайды КАВАР.

Бұл күні барша келуші музейлерге тегін кіріп, көрме залдарын, жаңа экспонаттарын көріп, танымдық ақпаратты тыңдап, мәдениетпен сусындайды. Мерекенің басты ұраны — «Музейлер — мәдени алмасудың, мәдениеттерді байытудың және халықтар арасындағы өзара түсіністік, ынтымақтастық пен бейбітшілікті дамыту құралы».
Мереке аясында ел бойынша жаңа көрмелер, фестивальдер ашылып, музейлерде тақырыптық дәрістер, экскурсиялар, ғылыми оқулар, балаларға арналған сабақтар, театрландырылған қойылымдар ұйымдастырылады.
Қырғызстан музейлерінің қазіргі келбеті:
- 2024 жылы республикада 68 музей жұмыс істеген.
- Барлық музейде 237 мыңнан астам экспонат ұсынылған.
Ең көп экспонаттар орналасқан өңірлер:
- Бішкек қаласы — 75 мың экспонат.
- Ыстықкөл облысы — 41 мың.
- Ош қаласы — 34 мың.
Музейге келушілер статистикасы (2024 жылғы деректер):
- Барлығы 955 мың адам музейлерді аралаған.
- Келушілердің ең көп үлесі:
- Ош қаласы — 34%-дан астам.
- Бішкек қаласы — 29%-дан астам.
- Чу облысы — 10%-дан астам.
- Ыстықкөл облысы — шамамен 8%.
Мәдени-ағартушылық іс-шаралар:
- 2024 жылы елде 35 миллионнан астам экскурсия өткізілген.
- 915 мыңнан астам дәріс оқылған — олар елдің тарихи және мәдени мұрасына арналған.
Бұдан бұрын хабарланғандай, бұдан былай Қырғызстанда барлық есеп айырысу соммен жүргізіледі.