13:07, 12 Мамыр 2025 | GMT +5
Қырғызстан цемент импортына салынған тыйымды алып тастады
АСТАНА. KAZINFORM — Қырғызстан министрлер кабинеті қаулысымен елге цемент импортына салынған уақытша тыйым алынды, деп хабарлайды Kazinform тілшісі.

Елде құрылыс материалдарына, соның ішінде цементке сұраныс артып келеді. Қабылданған шаралар арқылы билік сұранысты қанағаттандыруды және құрылыс алаңдарының үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуді көздейді.
Цемент импортына уақытша тыйымның алынып тасталуы нарықтағы бәсекелестікті қолдауға, тапшылықты болдырмауға және құрылыс материалдарының бағасын тұрақтандыруға мүмкіндік береді.
Осыған дейін хабарланғандай, Қытай – Қырғызстан - Өзбекстан теміржолының құрылысы басталды.
Сонымен қатар Қырғызстанда тауық жұмыртқасын импорттауға тыйым салынғанын жазғанбыз.