Қырғызстан Ұлттық банкі есептік мөлшерлемені 11%-ға дейін көтерді

БІШКЕК. KAZINFORM – Қырғызстан Республикасының Ұлттық банкі негізгі мөлшерлемені 100 базистік пунктке, 11%-ға дейін көтерді. Шешім 2025 жылдың 25 қарашасында күшіне енеді, деп хабарлайды Kazinform меншікті тілшісі. 

Нацбанк Кыргызстана повысил учетную ставку до 11%
Фото: Қырғызстан Ұлттық банкі

Реттеушінің мәліметінше, 2025 жылдың басынан бері инфляция 7,3%-ды, ал жылдық көрсеткіш 8,9%-ды құрады. Елдегі ішкі бағаларға сыртқы экономикалық факторлар айтарлықтай әсер ететіні атап өтілді. Әлемдік азық-түлік бағаларының өсуі және көрші елдердегі тұрақты жоғары инфляция импорттық тауарлардың құнына қысым жасап, бұл өз кезегінде ағымдағы баға динамикасын қалыптастырып отыр.

Азық-түлік емес тауарлар саласында бағаның ең үлкен өсуі тіркелді. Бұл негізінен импорттық жанар-жағармай материалдарының бағасының өсуіне, электр энергиясына тарифтердің өсуіне, ішкі сұраныстың артуына және осы факторлардың салдары болып табылатын қосымша әсерлерге байланысты болды. Сонымен қатар, азық-түлік бағалары салыстырмалы түрде ұстамды өсімді көрсетіп отыр.

Елдегі экономикалық белсенділік жоғары деңгейде қалып отыр. Тұтынушылық сұраныстың жоғары болуы және инвестициялық белсенділіктің артуы нәтижесінде 2025 жылдың қаңтарынан қазанына дейін нақты ЖІӨ 10%-ға өсті. ЖІӨ-нің өсуіне негізінен қызмет көрсету секторы, құрылыс және өнеркәсіп үлес қосып отыр. Бұл ретте жоғары ішкі сұраныс елге ақша аударымдарының ағыны, нақты жалақының өсуі және тұтынушылық несиелендірумен қолдау тауып отыр.

Еске сала кетсек, қазан айында Қырғызстан Ұлттық банкі негізгі пайыздық мөлшерлемені 10%-ға дейін көтерді

Соңғы жаңалықтар