Қырғызстанда «Арашан» тұқымының қошқары 1 млн долларға сатылды

АСТАНА. KAZINFORM – Қырғызстанда «Арашан» тұқымының қошқары рекордтық 1 миллион долларға сатылды. Құны миллион долларға бағаланған мәміле осы тұқымның етті-майлы қой шаруашылығын дамытуға арналған халықаралық фестивальде жасалған. Бұл туралы Kazinform агенттігінің Бішкектегі меншікті тілшісі жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап хабарлады.

Барана за $1 млн продали в Кыргызстане
Фото: Қырғызстанның Су шаруашылығы және ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі. перерабатывающей промышленности КРи

Іс-шараға Өзбекстан, Ресей, Тәжікстан және Қазақстан мен Қырғызстаннан келген фермерлер, сондай-ақ ауыл шаруашылығы саласының өкілдері қатысты.

Бұл қошқар 2023 жылы Қазақстанда 150 мың долларға сатылған, атақты Франкель есімді қошқардан тараған.

«Арашан» қой тұқымы Қырғызстанда 2021 жылы ресми түрде тіркелген. Бұл тұқым ірілігі, салмақты болатындығы және тез өсетіндігімен ерекшеленеді. Сонымен қатар ол биік таулы өңірлердің қатал климатына, далалы аңғарларға және қорада бағып-күтуге жақсы бейімделген.

Қырғыз Республикасының Су ресурстары, ауыл шаруашылығы және қайта өңдеу өнеркәсібі министрлігінің мәліметінше, «Арашан» тұқымды қойлардың санын көбейту, сапасын арттыру және халықаралық нарыққа шығару – мал шаруашылығын дамытудың маңызды бағыттарының бірі.

Бұған дейін Қырғызстанда үй жануарларын чиптеу мен тіркеу жүйесін енгізу ұсынылғаны хабарланған болатын.

 

Ақзат Бақытжанқызы